Экс-әкім Бағдат Қарасаевтың қылмыстық ісі сотқа жіберілді.
Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа Қылмыстық кодексінің жеті бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Экс-әкім Бағдат Қарасаевтың қылмыстық ісі сотқа жіберілді. Ол Қылмыстық кодекстің жеті бабы бойынша қаралады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Б.А.Қарасаевқа және басқа да тұлғаларға қатысты келесі баптар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағанын мәлімдеді. Оларға мына баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды:
189-бап (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу); 190-бап (Алаяқтық); 324-бап (Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу); 361-бап (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану); 362-бап (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану); 364-бап (Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу); 369-бабы ( Қызметтiк жалғандық жасау);Қадағалау органының хабарлауынша, қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін 31 наурызда Алматы облысының Іле аудандық сотына жіберілді.
"Қарасаев Б.А.-ға қатысты қылмыстық қудалау органы бұрын "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған еді", - делінген прокуратура хабарламасында.