24.04.2025, 12:30

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы басталды

Фото: Ақорда

Ассамблеяға – 30 жыл.

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Сессияның күн тәртібіндегі басты тақырып – «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл». Қатысушылар құрамы кең ауқымды Шараға 1600-ден астам делегат қатысуда.

Олардың қатарында:

• Парламент депутаттары,

• өңірлік және республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері,

• мемлекеттік органдар мен діни ұйымдардың өкілдері,

• саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері,

• шетелдік және отандық дипломаттар, • ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері,

• БАҚ қызметкерлері бар.

Ассамблеяға – 30 жыл. Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы құрылған. Осы жылдар ішінде Ассамблея ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту жолында маңызды рөл атқарып келеді.