$ 515.03  584.82  6.24

Шерзат Полаттың ісі: Күдіктілердің туыстары Қаржаубай Нұрымовты да қамауға алуды талап етті (ВИДЕО)

Іс бойынша айыпталушылардың туыстарының видеосы жарияланды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталғандардың туыстары марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовты қамауға алуды талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іс бойынша айыпталушылардың туыстарының видеосы жарияланды. Олар жәбірленуші мен айыпталушы тараптар тең жағдайда болуы тиіс екенін айтады. 

“Екі қыз байқұс. Жас балаға не жоқ ана жерде.Ол отыр. Қасынан өтіп бара жатқан балаларды да апарып қамап қойған. Сонда неге Қаржаубай қамалмайды. Неге біз жақ қамала береді. Бастаған Қаржаубайлар. Достарын шақырған, ішімдік сатқан солар. Ұрып отырған соның баласы. Бізден ешкім ешкімді ұрмаған. Өздерінен басталып, өздерінен шығып отырған нәрсе. Соны жөндеп қараудың орнына бізді кінәлап, балаларымызды жексұрын қылып, ұйымдасқан топ, Хутор бригадасы деп айып тақты. Бригада деген арнайы бөлім. Біле білсеңіздер бұл жерде бес бригада бар. Рысқұлов ауылының өзінің бөлінісі сондай. Менің айтарым осы. Дұрыс түсініңіздер, ешкім артық кетпесін. Қазақ елі түсінетін шығар. Екі жақты бірдей көрсін. Соттан адалдық сұраймыз”, – делінген видеода.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 7
Күлкілі 15
Ашулы 13

Серіктес жаңалықтары