Қазақстанның 11 облысында құрғақшылық қаупін тудыруы ықтимал.
2025 жылдың мамыр айында еліміздің бірқатар облыстарында орташа деңгейдегі құрғақшылық тіркелуі мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет мамандарының болжамына сүйеніп Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Мамандардың мәліметінше, атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің аздығы мен топырақ ылғалдылығының төмен деңгейі Қазақстанның 11 облысында құрғақшылық қаупін тудыруы ықтимал.
Орташа құрғақшылық байқалуы мүмкін аймақтар:
• Қостанай облысы – Амангелді, Жангелді аудандары, Арқалық қаласының төңірегі;
• Батыс Қазақстан облысы – Қазталов, Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық аудандары;
• Ақтөбе облысы – Шалқар ауданы;
• Атырау облысы – Құрманғазы және Исатай аудандары;
• Қарағанды облысы – Ақтоғай мен Шет аудандары;
• Алматы облысы – Балқаш ауданы;
• Жетісу облысы – Алакөл ауданы;
• Жамбыл облысы – Мойынқұм ауданы;
• Түркістан облысы – Сузақ ауданы;
• Маңғыстау облысы – Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандары;
• Қызылорда облысы – Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласы.
Аталған өңірлерде жауын-шашынның аз болуы ауыл шаруашылығы мен мал азығы қорына теріс әсер етуі мүмкін. Ал өзге аймақтарда топырақтағы ылғалдылық мөлшері қалыпты деңгейде болады деп күтіліп отыр.