Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы.
Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған.
33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған.
"Мысалы, аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған. Прокуратура араласқаннан кейін пәтер қайтарылып, балаға берілді, қазіргі уақытта басқа балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылданып жатыр", делінген мәліметте.