$ 517.16  588.48  6.23

Қылмыс әлемінің серкесі «Серік голова» қайтыс болды

8 сәуірде ол көпсалалы онкологиялық ауруханаға жатқызылды. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

«Серік голова» лақап атымен танылған Серік Жаманаев қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, сотталған Жаманаев 2024 жылдың желтоқсан айында түзеу мекемесіне ауыстырылған.

— Ол келген соң бірден толық медициналық тексеруден өтті. Диагнозы: бауыр ісігі, үшінші саты. Осы кезден бастап ол үнемі дәрігерлердің бақылауында болды. Сотталушы бірнеше рет тексерілу және емделу үшін медициналық мекемелерге жеткізілді. 8 сәуірде ол көпсалалы онкологиялық ауруханаға жатқызылды. Қолданылған шараларға қарамастан ол 25 сәуірде қайтыс болды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, қылмыс әлемінде «Серік-голова» лақап атымен танымал Серік Жаманаев 2021 жылы 19 жылға сотталған болатын. Жаманаев 1996 жылы Ресейдің Сочи қаласында «вор в законе» деген мәртебе алған. Ол өткен жылдың ақпанында ҰҚК мен ІІМ-нің бірлесіп жүргізген операциясы кезінде қолға түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары