$ 515.03  584.82  6.24

Қазгидромет өрт қаупі жоғары аймақтарды атады

Алдағы күндерге арналған өрт қаупі болжамына сәйкес, үш өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қазақстанның өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазгидромет жаңартылған ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Алдағы күндерге арналған өрт қаупі болжамына сәйкес, үш өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.

Қазгидромет жариялаған мәліметке сәйкес, Қызылорда облысы, Түркістан облысының батыс бөлігі және шөлді аймақтарында өрт қаупі артып тұр. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының солтүстік-шығыс және шығыс бөліктерінде де өрт қауіпінің жоғары болуына алаңдаушылық туындауда.

Қазгидромет мамандары 2025 жылдың 15 сәуірі мен 15 қазан аралығында маусымдық өрт қаупінің жоғары екенін ескертіп, өртке қарсы дайындықты күшейту қажеттігін айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары