Дегенмен, кей өңірлерде тұрақсыз ауа-райы сақталады.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, 26, 27 және 28 сәуір күндері еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көптеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Әсіресе, 27 сәуірде Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында, 28 сәуірде Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында толассыз жауын жауады деп күтілуде.
Бұдан бөлек, республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұман түседі. 26 сәуір түнінде Абай облысында, 26–27 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысында 1–3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.
Батыс өңірлерде түнгі ауа температурасы 10–15 градустан 2–10 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 20–27 градустан 6–14 градусқа дейін салқындайды.
Оңтүстік-батыстатүнгі температура 12–20 градустан 7–15 градусқа дейін түсіп, 28 сәуірде күндізгі температура 10–18 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік-батыста түнде 10–17 градустан 7–12 градусқа дейін төмендейді, күндіз 20–28 градустан 12–22 градусқа дейін түседі.
Солтүстік өңірлерде түнгі температура 5–10 градустан 10–17 градусқа дейін көтеріледі, ал күндіз 21–28 градустан 18–23 градусқа дейін төмендейді.
Орталық Қазақстанда түнде 5–15 градустан 12–17 градусқа дейін, ал күндіз 23–30 градус аралығында жылы ауа райы сақталады.
Шығыста түнде 1–8 градус жылы болып, солтүстік-шығыста 1–3 градус үсік жүруі мүмкін. Күндіз 20–27 градустан 23–31 градусқа дейін жылынады.
Оңтүстікте түнгі температура 15–20 градустан 17–23 градусқа дейін жоғарылап, күндіз 28–33 градустан 32–37 градусқа дейін ыси түседі.
Оңтүстік-шығыста түнде 5–17 градустан 10–20 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 22–30 градустан 27–35 градусқа дейін ысиды.