27.04.2025, 19:30

«Үлкен сабақ болды»: Басы дауға қалған блогер Daricorn баланың отбасынан буллинг үшін кешірім сұрады

Фото: видео скриншот

Бүгін біз кездесіп, бәрін талқыладық.

Өз парақшасында ата-анасының рұқсатынсыз баламен видео жариялап, дұрыс титр қоймағаны үшін басы дауға қалған танымал блогер Daricorn (шын аты — Дариға Нұркеева) буллингтен зардап шеккен баланың отбасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Баланың отбасымен келісімге келгенін блогердің өзі Instagram парақшасында жариялады. Алдымен ол фотосуретті, содан кейін видео жариялады. Кадрден баланың анасын, баланың өзін және блогерді көруге болады. Видеода жағдай туралы екі тарап сөйлесіп, жалпы шешімге келгені айтылады.

"Көбісі біздің жағдайымыздан хабардар. Бүгін біз кездесіп, бәрін талқыладық.Тағы да бәрінен кешірім сұрағым келеді, бұл біз үшін үлкен сабақ болды. Кішкентай балаларды ересектердің рұқсатынсыз түсіруге, желіге салуға болмайтыны біз үшін ғана емес бүкіл Қазақстанға да сабақ болды деп ойлаймын. Біз барлық жауапкершілікті түсінеміз", - дейді Daricorn.

Еске сала кетейік, дау Алматы тұрғыны Ольга Колузанова тарапынан жасалған мәлімдемеден кейін белгілі болды. Ол блогер Daricorn (настоящее имя — Дарига Нуркеева) өзінің кәмелетке толмаған ұлын оның рұқсатынсыз түсіріп, кейін оны әлеуметтік желіде жариялағанын айтты. Осыдан кейін мектепте және спорттық секцияларда балалар оның ұлын мазақтап, буллинг жасаған.