$ 515.03  584.82  6.24

Есіл-Арқалық өткелінде пойызбен соқтығысқан тракторшы қаза болды

Оқыс оқиға 27 сәуірде сағат 08:55–те Есіл-Арқалық учаскесінің реттелетін теміржол өткелінде болған. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қостанай облысында трактор пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқыс оқиға 27 сәуірде сағат 08:55–те Есіл-Арқалық учаскесінің реттелетін теміржол өткелінде болған. 
Қазақстан темір жолы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан тракторшы ауыр жарақаттан көз жұмды.

“Тұрақты жұмыс істеп тұрған өткелдегі белгі беруге қарамастан, трактор жүргізушісі қозғалып келе жатқан пойыз алдына шығып кетіп, жол ережесін өрескел бұзды. Машинист шұғыл тежеуді қолданды, бірақ соқтығысудын алдын алу мүмкін болмады. Оқиға салдарынан трактор жүргізушісі өміріне қауіп төнген жарақат алды”, — делінген хабарламада.

ҚТЖ автокөлік құралдары жүргізушілерін теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтауға, өткелдегіі дабыл сигналдарын қатаң сақтауға және ережелерді елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін есте сақтауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары