Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман басады.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 1-2-3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтардың таулы өңірлерінде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 2 мамыр күні республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде үсік сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман басады.