02.05.2025, 10:20

Алматыда көлік аударылып, 1 адам көз жұмды

Фото: pexel

Жол-көлік оқиғасы Алатау ауданында болған.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 1 мамыр 20:58-де Mercedes көлігін басқарған жүргізуші Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай, бағанаға соғылып, кейін аударылып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

- Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жолаушысы - 1998 жылғы ер азамат көз жұмды. Қазір адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлайды Полиция департаментінен.