2024 жылы қаржылық қиындықтарға байланысты жылқысын сатып жіберген.
Ингушетияда сатылған жылқы бұрынғы иесін өзі тауып келді. Ингушетияда ерекше оқиға орын алды: бір жыл бұрын сатылған жылқы бұрынғы иесінің үйіне оралды, деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.
Mash Telegram арнасының жазуынша, Мажор есімді атты иесі тай кезінен бастап баптап өсірген. Алайда 2024 жылы қаржылық қиындықтар салдарынан жануарды сатуға мәжбүр болған.
Бір қызығы, Мажор жаңа иесінің қолынан қашып шығып, 10 шақырымнан астам жолды жүріп, бұрынғы үйіне жеткен.
Жылқысының өздігінен қайтып келгенін көрген иесі қатты толқып, оны 300 мың рубльге қайта сатып алған.