«Тіл кеспек жоқ» Instagram-арнасындағы жазбаның астына Халық банк кешірім сұрап, пікір қалдырды.
Халық банк қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтаймын деп басы дауға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа сәйкес, банк 1 мамыр – Бірлік күнімен құттықтау таратқан. Алайда құттықтау қазақ тілінде жазылғанымен, қазақша қаріптер қолданылмаған. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды.
Әлеуметтік желі беттерінде құттықтаудың скрині таралды.
«Курметті достар, сіздерді 1 мамыр – Казакстан халкынын бірлігі кунімен куттыктаймыз! Бул мереке бізге басты кундылыктарды – достыкты, озара сыйластыкты жэне бірлікті еске салады. Біз еліміздін, коп ултты халкын мактан тутамыз, мунда арбір адам тіліне, медениетіне, дініне карамастан бір улкен отбасынын бір белігі!», - делінген.
«Тіл кеспек жоқ» Instagram-арнасындағы жазбаның астына Халық банк кешірім сұрап, пікір қалдырды.
«Halyk Bank атынан мемлекеттік тіліміздегі мәтінде кеткен қателік үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Қазақ тілі – мәдениетіміздің, тарихымыздың және ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі. Бұл біз үшін жауапкершілік қана емес, жүректен шыққан саналы таңдау. Сондықтан біз әрбір сөздің дәлдігі мен маңыздылығына айрықша мән береміз. Бұл жағдайда мәтінді көшіру кезінде техникалық қате және адамдық фактор рөл атқарған болуы мүмкін. Біз командамызға сенеміз және олардың әрбір материалға ерекше ұқыптылықпен қарайтынын жақсы білеміз. Дегенмен, өкінішке қарай, осы жолы маңызды жайт назардан тыс қалды», - деді банк.