02.05.2025, 21:30

«Жолақтарды бояп алып, енді асфальтты алып жатыр»: Астана тұрғынын ретсіз жол жөндеу жұмыстары ашуландырды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Қала тұрғыны бір апта бұрын ғана Ұлы дала мен Мәңгілік ел көшесінде жолдағы жолақтардың боялғанын айтады.

Астана тұрғыны қаладағы көше жөндеу жұмыстарының сапасыздығын айтып, ақшаның желге ұшып жақтанын сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

@Astana_typical парақшасындағы видеода, қала тұрғыны бір апта бұрын ғана Ұлы дала мен Мәңгілік ел көшесінде жолдағы жолақтардың боялғанын айтады. 

«Алдыңғы аптада автобус жолағы, бөлу сызығын бәрін әдемілеп, сары және ақ түстермен бояп шыққан еді. Ал енді бүгін жол жөндеу жұмыстарын бастаған. Қазір міне, көріп тұрғандарыңыздай, жолдағы асфальт қабаты алынып жатыр. Автожолдарға бөлінетін бюджет қаражатын жоспарлау қалай жүзеге асатыны қызық?! Бірінші сол жолақтарды бояп, одан кейін жол жөндеп, оларды қайта салу керек пе? Бұл халықтың ақшасы, бюджет қой кетіп жатқан», - деді ол.