$ 516.16  584.86  6.25

Мұғалімдердің жалақысы туралы жаңа дерек шықты

Ауылдық жерлерде мұғалімдердің жалақысы қаладағы жалақыдан кем дегенде 25%-ға жоғары.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда қазір 8 мыңға жуық мектеп 3,9 млн балаға білім беруде. Үкімет оның 352 мыңы бірінші сынып оқушылары екенін мәлім етті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

2024-2025 оқу жылында еліміздің мектептерінде 406 мың педагог жұмыс істеуде. Өткен жылмен салыстырғанда ұстаздар саны 8 мыңға артқан.

2020 жылдан бастап педагог мәртебесін көтеру саясаты шеңберінде мұғалімдердің жалақысы 100%-ға көбейді. 2023 жылы мектепке дейінгі тәрбиешілер мен техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне қосымша үстемақылар, сондай-ақ біліктілік санаттары, еңбек өтілі, еңбек жағдайлары, академиялық дәрежесінің болуы және тәлімгерлік үшін қосымша ақылар енгізілді.

Ауылдық жерлерде мұғалімдердің жалақысы қаладағы жалақыдан кем дегенде 25%-ға жоғары. 2025 жылы 11 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өткен, олардың шамамен 58%-ы ауыл мұғалімдері. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап аттестаттау процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының жаңа платформасы жұмысын бастады.

Республикада педагогтерді аттестаттаудың автоматтандырылған жүйесі бар. Осылайша, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына арналған "Ұстаз" ұлттық платформасын кезең-кезеңімен енгізу басталды. Бұл платформа аттестаттау үдерісін анағұрлым ашық етеді. 2025 жылы платформа арқылы 150 мыңға жуық қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді.

Президенттің бастамасымен барлық білім беру ұйымдарында "Адал азамат" бірыңғай тәрбие бағдарламасы енгізілуде. Биылдан бастап оған жеке мектептер де қосылып, 2026 жылы ауқымды тарату үшін шаралар қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары