$ 516.16  584.86  6.25

«Тіл тарпай кетті»: Алматыда бұрынғы полиция қызметкері әйелін пышақтап өлтірді

Оқиға туралы ақпарат 3 мамыр күні әлеуметтік желілерде пайда болды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматыда бұрынғы полицей қызметкері отбасылық жанжал кезінде азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікке ілінді. Кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға туралы ақпарат 3 мамыр күні әлеуметтік желілерде пайда болды.

Деректерге сүйенссек, ер адам бұрын Алматы облысының полиция департаментінде қызмет атқарған. Алайда оны теріс себептермен жұмыстан шығарғаны нақтыланады.

Алматы қаласының полиция департаменті әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Бірге тұратындар арасында отбасылық жанжал болғаны алдын ала анықталды. Оның барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салып, ол сол жерде көз жұмған. Осыдан кейін күдікті өз мойыны мен іш қуысына пышақ тығып өзіне қол жұмсамақ болған. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән - жайларын анықтау мақсатында тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деді ведомство.

Полицейлер күдіктіні қылмыс орнында ұстады және оны ауруханаға ауыр жағдайда жеткізді. Ер адам ол жерде қорғауда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары