$ 518.53  588.17  6.39

Қызылордалық бүлдіршін велосипед тебемін деп оқыс жайтқа тап болды

Анасы да балаға көмектесе алмаған.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қызылордалық құтқарушылар саусағы велосипедтің шынжырына қысылып қалған бүлдіршінге қол ұшын созды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

112 желісіне бес жастағы баланың анасы қоңырау шалып, бала велосипед теуіп жүргенде, оқыс жағдайдың болғанын айтқан. Баланың саусағы шынжыр мен жұлдыздың арасында қысылып қалған. 

"Бала саусағын өз бетінше шығара алмаған. Анасы да балаға көмектесе алмаған. Бірнеше минуттан кейін жеткен ТЖМ құтқарушылары екеуін де тыныштандырып, бензорездің көмегімен шынжырды кесіп, баланың саусағын босатты", - деп жазылған хабарламада.

Балаға медициналық көмек қажет болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары