06.05.2025, 16:40

«Әйелді алдап жұмсайды»: Дәулет Мұқаевтың басы тағы дауға қалды

Фото: желіден алынды

Депутат Дәулет Мұқаев желідегі парақшасында жас әйелдің ауыр жұмыс жасап жатқан видеосымен бөліскен.

Танымал қоғам белсендісі, депутат Дәулет Мұқаев тағы да елдің қызу талқысына түсті. Ол бұл жолы қыз-келіншектерге ауыр жұмыс істеуге үгіттеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Депутат Дәулет Мұқаев желідегі парақшасында жас әйелдің ауыр жұмыс жасап жатқан видеосымен бөліскен.

Онда әйелдің күйеуімен бірге үй сылау жұмысымен айналысып жатқанын нақты көруге болады.

«Әйелі мен күйеуі бірге үй сырлап, шаруамен айналысып жүрген видеолар – тек контент емес, үлкен тәрбие. Бір-біріне тірек, бір-біріне серік бола білген жұпты көріп сүйсінесің. Қазақ «отбасында еркек – шаңырақ, әйел – шырақ» дейді. Осы екі тірек үйлессе, үйдің де, өмірдің де сәні кірмек. Махаббат — тек гүл сыйлап, бірге қыдырғанда емес, осындай қарапайым тірлікте, бірге тер төккенде көрінеді. Жолдасыңызбен бірігіп қандай жұмыстар жасаған едіңіз?», — деп жазды ол.

Көпшілік депутаттың бұл әрекетін қатаң сынға алған. Олар желіде сыни пікірлерін жарыса жазып жатыр.