07.05.2025, 15:30

«Терезені жабыңыз»: Астанада дрондар әскери парадты терезеден тамашаламақ болған тұрғындарға ескерту жасады (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

Желіде тараған видеода дрон 20-қабаттағы терезелердің алдына ұшып келіп, видеоға түсіріп тұрған тұрғындардан терезені жабуды сұрайды.

Астанадағы әскери шеруді терезеден тамашаламақ болған тұрғынға дронмен ескерту жасалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған видеода дрон 20-қабаттағы терезелердің алдына ұшып келіп, видеоға түсіріп тұрған тұрғындардан терезені жабуды сұрайды.

"Қауіпсіздігіңіз үшін терезені жауып, одан алыстауыңызды сұраймыз”, – дейді дроннан шыққан дауыс.

Таңғалған астаналықтар талапты орындап, терезеден алыстайды.