08.05.2025, 00:30

Homay әнімен танылған башқұрт қыз жігіттерден келген хаттарға ренішін білдірді

Фото: Видеодан алынған кадр

Жігіттер оның назарын аударуға тырысып, хат жаза бастаған.

Homay әнін орындаушы Адель Шайхитдинова танымал болғаннан кейінгі жеке өмірі туралы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ay Yola фольклорлық тобының Homay әні бүкіл әлем тыңдармандарының жүрегін жаулап, нағыз хитке айналды. Көрерменді музыкалық композиция ғана емес, солист – 25 жастағы Адель Шайхитдинованың сүйкімділігі де тәнті етті, деп жазды peopletalk.ru.

Жігіттер оның назарын аударуға тырысып, хат жаза бастаған.

«Қазір көптеген хат келіп жатыр, айтатындары: «сәлем» емес, «қош бол» емес, жай ғана «маған тұрмысқа шықшы», — дейді Адель.

Еске салайық, Ay Yola тобы 2025 жылы көпшілік алдына шықты. Құрамында үш қатысушы бар: Адель Шайхитдинова, оның әкесі Руслан Шайхитдинов және Ринат Рамазанов. Топ өз музыкасында башқұрттың дәстүрлі аспаптарын электроникамен үйлестіреді.

Адель 1-мамыр күні Алматыға әкесімен бірге аранйы келіп, өнерін көрсетті.