08.05.2025, 11:20

«Көзіме жас келді»: Астанада соғыс ардагерін әскери парадқа кіргізбеген (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

Бұл туралы әнші Зарина Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Күні кеше Астана қаласында өткен әскери парадқа соғыста еңбек еткен тыл ардагерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері кіргізбей қойған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әнші Зарина Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Айуынша, осыдан бір жыл бұрын ардагерді такси күтіп тұрған жерінен үйіне апарып тастаған екен.

"Достар, осыдан 2 жыл бұрын бір ардагер атаны көшеде такси күтіп тұрған жерінен кездестіріп, үйіне апарып тастаған едім. Өзі сондай ашық-жарқын, өте сыпайы кісі . Сол кезде 67 жыл бойы нейрохирург болып жұмыс істегенін айтқанда таң қалғанмын – нағыз еңбек адамы, нағыз батыр екен. Бүгін Instagram-да сол кісіні көріп қалдым. Өкінішке орай, парадқа кірмей қалғаны жүрегімді ауыртты… Осындай адамдарды ұмытпауымыз керек. Олар – еліміздің мақтанышы", - деп жазды ол. 

Видеода халықтың наразылық білдіріп жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, желіде де бұл жайт үлкен резонанс тудырған.

"Блогер сымақтарды кіргізгенше, осындай кісілерді неге кіргізбейді", "Жүрегім ауырып отыр ата үшін", "Атау, біздің елдің ұрпақтарын кешіре гөр", "Көзіме жас келіп тұр, ұят болды", "Мереке осы кісілердікі, өзі санаулы-ақ қалды ғой", - деп жазды желі қолданушылары.