$ 514.5  582.67  6.35

Вьетнам президенті То Лам қазақстандық сәбидің тұсауын кесті

Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам «Этноауыл» көрмесін аралады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды.

Мәртебелі меймандар төл тарихымызды танытатын, соның ішінде ұлтымыздың киім үлгілері, қолөнері, әдет-ғұрпы мен саятшылық дәстүрі, музыкалық аспаптары, кескіндемесі және халық ойындары көрсетілген бірнеше тақырыптық аймақты тамашалады. Экспозицияның әр бөлігі дала өркениетінің ерекшеліктерін паш етеді.

Бас хатшы То Лам сәбидің тұсауын кесіп, оның өмірлік жолы ашық болуына тілектестік білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары