$ 514.5  582.67  6.35

«Миына қан құйылған»: Дәрігерлер журналист Диас Ахметшәріптің қазіргі жағдайын мәлімдеді

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз хатшысы жағдайдың мән-жайын мәлім етті.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Туризм және спорт министрінің кеңесшісі, қазақстандық танымал журналист Диас Ахметшәріп инсульт алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды 

Қазақстандық журналист Жанна Ойшыбаева Facebook желісіндегі парақшасында Диас Ахметшәріптің комаға түсіп, Ақтауда жансақтау бөлімінде жатқанын, оның жағдайы ауыр екенін жазды.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз хатшысы жағдайдың мән-жайын мәлім етті.

"Пациент инсульт алған, миына қан құйылған. Жағдайы өте ауыр, қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деді медициналық ұйым өкілі. Ал басқа мәлімет пациенттің туыстарының рұқсатынсыз жарияланбайтынын ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары