Бұл туралы ОКҚ-да Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлімдеді.
Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылда еңбек еткен азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдердің көлемі көбейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы ОКҚ-да Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлімдеді. Оның айтуынша, ардагерлерге берілетін қолдау орталық және жергілікті деңгейде жүзеге асады. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері өсіп отыр: базалық зейнетақы 6,5%-ға, ал ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға көбейді.
"Нәтижесінде биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін әлеуметтік төлемдердің жалпы көлемі 271 мың теңгені, ал тыл еңбеккерлерінікі 179 мың теңгені құрады", - деді Анафин брифингте.
Соңғы деректерге сәйкес, елімізде 105 ҰОС ардагері және соғыс жеңісіне үлес қосқан 40 мыңнан аса тыл еңбеккері тұрады.