Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алматы облысының Талғар ауданында атыс болды. Бұл туралы мәлімет әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы облысының Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
– Қабылданған шаралар нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың бәрі анықталды. Ауруханаға жеткізілген төрт күдіктіні полиция күзетіп тұр. Бір айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп түсіндірді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомстводан іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.