10.05.2025, 23:30

Алматыда жер сілкінді

Фото: pexel

Жер сілкінісінің координаттары: 42.916 С. Е. 76.766 ш. б. жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан. 

Бүгін, 10 мамырда, кешкі сағат 20 сағат 35 минутта Алматыда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"ТЖМ "СБЗҰГО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 20 сағат 35 минутта жер сілкінісі тіркелді. 

Жер сілкінісінің координаттары: 42.916 С. Е. 76.766 ш. б. жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан. 

Есептік қарқындылығы (баллмен) :

Алматы қ. - 2 б.

Қарасай қаласы (Қаскелең) - 2 б.

Қарғалы ауылы - 2 б.", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сонымен бірге қазіргі таңда тиісті мемлекеттік органдар хабардар етіліп, ғимараттардың қирауы, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі бойынша мониторинг жүргізіліп жатыр. Жағдай тұрақты.

"Жер сілкінісінің параметрлерін бастапқы ғылыми орталықтың сейсмологтары нақтылағаннан кейін және қосымша жеткізетін болады. Сабыр сақтаңыз!

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

5. - ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);

- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз ( *алдын ала дайындау қажет);* 

8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз", - деп ескертті қала ТЖД өкілдері.