Күшті ағыс оны өзен бойымен алып кеткен
Жетісу облысында Көксу өзенін жіппен кесіп өтемін деген ер адам суға ағып кеткен. Ол әлі күнге дейін табылмай жатыр,деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Н» есімді азамат арқан арқылы өзеннен өтуге әрекеттенген кезде тепе-теңдігін жоғалтып, суға құлап кеткен. Күшті ағыс оны өзен бойымен алып кеткен. Азаматтың жоғалу фактісі бойынша полиция тарапынан ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті», — деп хабарлады жетісу ПД.