12.05.2025, 17:50

Қай салада жалақы ең көп өсті?

Фото: Ақмешіт жастары

Бұл былтырғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 10,7% артық.

2025 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 300 307 теңгені құрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2025 жылғы I тоқсанда 423 133 теңге болды, бұл былтырғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 10,7% артық.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2024 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі ақпарат және байланыс – 31,3%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1% салаларында байқалды. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 6,2%, білім беруде орташа айлық жалақы көлемі 6,1% өсті.

Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында –19,4%,  Қостанай облысында – 14,6%, Алматы қаласында – 14,2% және Павлодар облысында 13,5% тіркелді.