$ 510.06  566.32  6.32

Қырғызстандағы мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілді

Жапаров бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейге жұмыс сапары кезінде мәлімдеген.

Фото: zanmedia.kz
Фото: zanmedia.kz

Бішкектегі мектептердің біріне президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, жазушы Кемел Тоқаевтың есімі берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов мәлімдеді. Айтуынша, Бішкектегі №33 мектеп-гимназияға Кемел Тоқаевтың аты берілген. Оның сөзінше, бастаманы Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров ұсынған.

"Жапаров бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейге жұмыс сапары кезінде мәлімдеген. Ұлы Отан соғысы кезінде Кемел Тоқаев сол кезде қазіргі №33 мектеп ғимаратында орналасқан Фрунзе әскери жаяу әскер училищесінде оқыған. Дәл осы жерден майданға шақырылған", – делінген хабарламада.

Кемел Тоқаұлы Тоқаев — қазақ совет жазушысы, журналисі және редакторы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін салушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Сталинград шайқасына қатысушы, "Сталинград" соғысының ардагері.

Ол "Қазақстан пионері" және "Социалистік Қазақстан" газеттерінің редакторы және бас редакторы, 1960-1977 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Ведомости" газеттерінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Оның "Жұмбақ із", "Соңғы соққы", "Солдат соғысқа аттанды" сияқты шығармалары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары