13.05.2025, 21:30

Ақтаудағы дүкендердің бірінде ер адам сатушыны соққыға жыққан (ВИДЕО)

Фото: желіден алынды

Әлеуметтік желілердегі мәліметке сүйенсек, оқиға Ақтау қаласындағы 27-шағын аудандағы дүкендердің бірінде болған.

Желіде Ақтаудағы дүкендердің бірінде ер адамның сатушыны ұрған видеосы тарады. Оқиға басқа сатып алушылардың көзінше болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бейнебақылау камерасынан алынған кадрларда әйел адамның кассада тұрып, ер адамға бір нәрсе түсіндіріп тұрғаны көрінеді. Бір сәтте сатып алушы ашуға мініп, әйелдің бетіне жұдырығымен соққы жасайды. Әлеуметтік желілердегі мәліметке сүйенсек, оқиға Ақтау қаласындағы 27-шағын аудандағы дүкендердің бірінде болған.

Желі қолданушылары тек шабуыл жасаған ер адамның әрекетіне емес, оқиға кезінде жанында болған өзге ер адамдардың ешқандай әрекет жасамағанына да наразылық білдіруде.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам сағат 23:00-ден кейін алкоголь сатып алмақ болған. Сатушы бұл уақытта спиртті ішімдік сатуға тыйым салынғанын айтқан. 

"Күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген полиция хабарламасында.