Сотта А. есімді әйел келіні Ұ.-ны сыйламай, бейәдеп сөйлеп, үй тыныштығын бұзғаны анықталған.
Қызылорда облысында келіні енесінің үстінен сотқа арыз түсірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазалы аудандық сотында азаматша Ұ.-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта А. есімді әйел келіні Ұ.-ны сыйламай, бейәдеп сөйлеп, үй тыныштығын бұзғаны анықталған.
«Сотта жәбірленуші енесі тарапынан ауыр сөздерді көтере алмай арыз түсіргендігін көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған. Ұ.-ның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген. Қазалы аудандық сотының қаулысымен Ұ. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылған», — делінген сот хабарламасында.