$ 506.21  568.42  6.3

«Екі күннен кейін той»: Мұхамеджан Тазабек қызын ұзатқалы жатқанын айтты

Оқырмандарынан да тілеулес болып, ақ баталарын беруді сұрады.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Мұхамеджан Тазабек желіде өзінің қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Ол екі күннен кейін қызын ұзатқалы жатқандығын айтты.

"Бүгін қызым Фатимамен қалаға қыдырып шықтым. Бұл жолы ерекше себеп бар. Қандай деп ойлайсыз? Алла қаласа. екі күннен кейін қызымды ұзатқалы жатырмын. Соның алдында әке мен қыз болып сырласып, өмір туралы әңгімелесіп, түйген тәжірибе, ақыл-өнегенің түйінін айтып уақыт өткіздік", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол негізгі тәрбие тұрмысқа дейін берілетінін, әкенің ақылы өте маңызды екендігін атап өтті. Оқырмандарынан да тілеулес болып, ақ баталарын беруді сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 46
Ұнамайды 12
Күлкілі 2
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары