Талғардағы трагедия болған күні ол үйқамақта болуы тиіс еді.
Шерзат Полат ісі бойынша айыпталушылардың бірі — Азамат Тоқтаубаев — бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Талғардағы трагедия болған күні ол үйқамақта болуы тиіс еді. Алматы облысы прокуратурасы 24 жастағы Азамат Тоқтаубаев Шерзат ісі бойынша өткен алғашқы сот отырысында орташа қауіпсіздік колониясына жеті жылға бас бостандығынан айырылғанын айтты. Оған үкім 2024 жылғы 17 қазанда, яғни Шерзаттың өлімінен екі апта өткен соң шығарылған.
Неліктен Шерзаттың өлімі болған күні Азамат Тоқтаубаев бостандықта жүрді?
«Тергеу барысында Талғар аудандық тергеу сотының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 2024 жылғы 14 ақпанға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Кейінірек, 2024 жылғы 6 ақпандағы тергеу сотының қаулысымен бұл шара үйқамаққа ауыстырылды», – деп жауап берді прокуратура.