14.05.2025, 17:00

Қайта-қайта шаш түзеп, сыланған әкім: Желіде Нұрлыбек Нәлібаевтың видеосы тарады

Коллаж: sn.kz

Нұрлыбек Машбекұлы уақытты бос өткізбей, айнаның орнына телефон экранын пайдаланып шашын мың қайтара түзеп, ерекше сыланғанын байқауға болады. 

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың ерекше дайындық үстіндегі видеосы тарады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видеодан Қызылорда облысының әкімімен қоса бірқатар министрлер мен шенеуніктерді байқауға болады. Сонымен қатар, қолдарында қағазы бар, жазу жазып жанталасып жатқан басқа қызметкерлерді көруге болады.

Алайда, Нұрлыбек Машбекұлы уақытты бос өткізбей, айнаның орнына телефон экранын пайдаланып шашын мың қайтара түзеп, ерекше сыланғанды жөн санаған.

Бұл бейнежазбаны өз парақшасына жүктеген журналист Асхат Ниязов "иә, әдемісің, әдемісің" деп, мысқылдаған сипаттағы жазу жазған.