15.05.2025, 08:30

Бүгін кейбір өңірде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады

Фото: Pixabay

Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 15 мамырда елдің кейбір өңірде 40-44 градусқа дейін аптап ыстық болатынын болжады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қызылорда облысында 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с. 

Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысында оңүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қатты ыстық 35-38 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.