Видеода Шерзатты анасының көзінше тепкілеп жатқан сотталушылардың әрекеті түсірілген.
Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысында азалы түндегі видео көрсетілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Видеода Шерзатты анасының көзінше тепкілеп жатқан сотталушылардың әрекеті түсірілген.
«Ең бірінші Шерзатты Белғожаев тебеді. Сол жағында анасы Бишенбиева отырады. Әр жағында Белғожаев, Шынасыл, Ілиясов Ғайыпбаевты сүйреп оң жаққа әкетеді», - деді мемлекеттік айыптаушы.
Видеода Шерзат Полаттың анасының «Қойыңдар» деген ащы дауысы шығып жатыр.
«Шынасыл мен Сәкиев шерзатқа пышақ жарақатын салған», - деді мемлекеттік айыптаушы.