15.05.2025, 15:40

UFC сайты Шавкат Рахмоновты Өзбекстан азаматы деп көрсеткен (ФОТО)

Фото: UFC сайты

Сайт орта салмақтағы спортшылар тізіміндегі Рахмоновың суреттің астында оны Өзбекстанның өкілі ретінде көрсеткен.

UFC-дің ресми сайты спортшы Шавкат Рахмоновты Өзбекстан азаматы деп көрсеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сайт орта салмақтағы спортшылар тізіміндегі Рахмоновың суреттің астында оны Өзбекстанның өкілі ретінде көрсеткен.

Фото: сайттан скриншот www.ufc.com (14.05.2025)

Мұндай ақпарат мақаланың өзінде де, Шавкат профилінде де тұр.

Фото: сайттан скриншот www.ufc.com (14.05.2025)

Wikipedia.org деректерінде Шавкат Бақтыбайұлы Рахмонов жартылай орта салмақта UFC демеушілігімен өнер көрсететін қазақ аралас жекпе-жек шебері деп көрсетілген.

Ол 1994 жылы 23 қазанда Өзбекстанда дүниеге келгенімен Кіші жүздің Алшын руының Шекті руынан шыққан. 

Өзбекстанда туған Рахмонов Қазақстан азаматтығын алған. Әкесі екеуі үлкен Алшын руының Әлімұлы тармағының Шекті руының Алтынбай руынан, шешесі қоңырат руынан шыққан.