15.05.2025, 16:10

«Полиция қызметкерлері ұрып, қысым көрсетті»: Тоқтаубаев тергеу кезінде айтқан жауабынан бас тартты

Фото: видео скриншот

Ол 2023 жылғы қазан айында болған қанды оқиғада өзін қалай ұстағанын және кім не істегенін егжей-тегжейлі баяндады.

Шерзат Полаттың қазасына байланысты өтіп жатқан резонансты іс бойынша бүгін сот залында сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Ол 2023 жылғы қазан айында болған қанды оқиғада өзін қалай ұстағанын және кім не істегенін егжей-тегжейлі баяндады. Бірақ бір қызығы оның сот отырысындағы жауабы мен тергеу кезіндегі жауаптары әртүрлі болып отыр,

Тергеу кезінде Нұрбол Тоқтаубаев Дархан Әскентайды ұрғаны үшін Шерзаттан кек алып, ұрып-соққанын айтқан.

Алайда сотта бұл сөздерін жоққа шығарып отыр.

«Мен бұл кезде ауап беру кезімде адвокат берілмеді. Мен бұл жауаптарымды өзім қолдамаймын. Адвокат келгенше дейін маған жауапкершілігімді өзгерту жайлы ешкім түсірмеді. Маған қысым көрсетілді. Талғар бөлімшесінде менен жауап алу кезінде азаптау дерегі болды. Полиция қызметкерлері ұрып-соқты. Ол жайлы бірнеше арыз жазған болатынмын. Қылмыстық атқару жүйесіне кіргеннен бастап жауап алуға дейін таяқ жедік. Өткен-кеткеннің барлығы ұрды. «Тергеудегі жауабыңды осылай айтасың» деді. Қаржаубайдың өзі атқару жүйесі мекемесінде бізді боқтап, ұрып кетті», - деді Тоқтаубаев.