Осы мәлімет негізінде полиция жедел іздестіру іс-шаралары жүргізген.
Ақтөбе облысында прокуратура адамның ішкі ағзаларын заңсыз сату әрекетін анықтады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желідегі жазбаларға мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе қаласының тұрғыны өзінің ішкі органдарын сататыны жөнінде заңсыз мәміле жасауы мүмкін екені туралы ақпарат анықталған.
Осы мәлімет негізінде полиция жедел іздестіру іс-шаралары жүргізген. 30 сәуірде жалпы сомасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдікті ұсталған.
"Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) соталды тергеп-тексеру басталып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.