Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Павлодарда ағайынды жігіттердің төбелесі бірінің өлімімен аяқталып тынған. Сот кісі өлтіру бабы бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сотта 2024 жылдың 22 желтоқсанында Павлодар қаласында тұрғылықты жері бойынша ағасы інісін балағаттап, еш жерде жұмыс істемейтіні үшін тілдегені анықталды. Жанжал туындағанда кіші А. алкогольдік масаң күйде болған, сөйтіп ол Е-нің сол жақ кеуде аймағына асхана пышағымен қасақана бір рет соққы жасап, жүрек қуысын зақымдаған. Салдарынан Е. оқиға орнында жан тапсырған.
"Сот А-ның соттылығы жоқтығын, өз кінәсін мойындап, өкінуін ескере отырып, оған ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен жазаның ең төменгі түрі – 8 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады", деді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.Үкім заңды күшіне енген жоқ.