$ 509.51  570.6  6.3

«Әруаққа арнап шелпек пісіріп, мал сою – харам»: Діндар жігіттің шығарған пәтуасы желіні шулатты (ВИДЕО)

Діндардың пайымынша, иіс шығарып, шелпек пісіруге, аруаққа арнап мал соятындарға заңмен тыйым салу керек екен.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде түрлі қазақы наным-сенімдерді “харам” деп өз бетімен пәтуа жасағыш діндар жігіт тағы да ұлттық дүниетанымдарды “харам” деп жұртты шулатуда деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақтың ықылым заманнан келе жатқан, әр бейсенбіде шелпек пісіріп, иіс шығарып, шамасы жетсе, мал сойып, аруаққа жасалатын құрметін төмендегі видеодағы діндар жігіт “харам” дейді.

Діндардың пайымынша, иіс шығарып, шелпек пісіруге, аруаққа арнап мал соятындарға заңмен тыйым салу керек екен.

“Осыларға заңмен тыйым салуға, штраф салуға болмай ма? Біздің дәстүрлі дінімізге қарсы нәрселерді насихаттап ашық айтып жүр. Бұларға ешкім ештеңе демейді. Аруаққа арнап иіс шығарамыз, мал соямыз дейді бейсенбі күні. Ал бұл мұсылмандыққа салсақ, харам болады. Мұсылман малды Аллаһ разылығы үшін сояды, ал шелпекті тек жеу үшін пісіреді және садақа үшін пісірген бұрын. Ал иіс шығару, шелпек пісіру деген бұрын қазақта болмаған”, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 7
Күлкілі 0
Ашулы 15

Серіктес жаңалықтары