17.05.2025, 12:30

«Анасы жазаланады»: Павлодарда 3 жасар бала терезеден құлап қаза тапты

Фото: Pixabay

Қайғылы оқиға кезінде бала өзінен бірер жас үлкен әпкесімен үйде жалғыз қалған.

Павлодарда 3 жасар бала терезеден құлап көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға кезінде бала өзінен бірер жас үлкен әпкесімен үйде жалғыз қалған. Анасы жеке шаруаларымен үйден шығып кеткен.

Құқық қорғау органдары бұны жауапсыздық деп танып отыр. Енді баланың анасы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда.