17.05.2025, 14:30

Президенттің сирек кездесетін суреттері мен қызықты деректер (ФОТО)

Коллаж: sn.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласында дүниеге келген.

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Дегенмен президенттің туған күні атап өтілмейді. Бұған дейін де мемлекет басшысының баспасөз хатшысы хабарлағандай президенттің әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған және әкімшілік қызметкерлеріне де құттықтау рұқсат етілмейді деген ерекше деректер бар. Осы орайда Skifnews ақпараттық порталы мемлекет басшысы сирек кездесетін фотоларын жинақтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласында дүниеге келген.

Президенттің әкесі – танымал жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаев (1923-1986). Детектив жанрына арналған 10-нан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Кемел Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалін алған. Ал анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматының шет тілдері институтында қызмет еткен. 

Қасым-Жомарт Алматы қаласындағы №25 мектеп-гимназияда француз тілін тереңдете оқытатын мектепте білім алған. Сыныпта ол ең озат оқушылардың бірі саналған. Әкесі оны кітап оқуға, анасы шет тілдеріне баулиды.

(Үшінші қатар, сол жақтан бесінші тұрған – Қасым-Жомарт Тоқаев)

(Мектепте өткен олимпиадалардың бірінде)

1970 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев аттестат алып, Мәскеуге барып, Одақтың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – ММХҚИ-ға оқуға түседі. Бұрынғы курстастарының айтуынша, қабілетті және мақсатшыл жас жігіт тек «өте жақсы» деген бағамен оқыған.

Ол жарты жылдық диплом алдындағы практикасын Қытайдағы кеңес елшілігінде өткізіп, онда дипломатқа қажетті  дағдыларымен бірге  қытай тілінің қыр-сырын үйренеді.

Асылбек Абдуловтың «Президент Тоқаевтың жаңа бағдары» атты фильмінде Мемлекет басшысының жас шағындағы сирек суреттері мен бейнелері көрсетілді.

Фильм авторы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік лауазымдағы екі жылына шолу жасай келіп, Арыс қаласын жарылыстардан кейін қалпына келтіру жұмыстарына еріктілердің белсенді атсалысқанын еске алады. Осы кезде кадрда Президенттің сенбілікте еңбек етіп жүргені бейнесі көрсетілген.

«Осынау әуесқой кинокадрларда 10-сынып оқушысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы №25 орта мектепте мамыр сенбілігінде мектеп ауласын қоқыстан арылтып, қыздарға көмектесіп жатыр», - дейді фильм авторы.

Тоқаев және спорт

Сондай-ақ, фильм барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортпен шұғылданып жатқан сәттері бар сирек кездесетін суреттер көрініс тапқан.

«Әкемнің тағдыры бала кезінен бастап оңай болған жоқ. Ол ерте жетім қалды. Әуелі балалар үйінде, содан кейін интернатта тәрбиеленді. Содан кейін соғыс басталды. Майдан ол үшін батылдық пен табандылықтың тағы бір сынағы болды. Ол соғыстан көп сабақ алып, қорқыныш пен қайғы-қасіретті жеңе алды», - деп еске алады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кезінде Қазақстанның үстел теннисі федерациясын 13 жыл басқарған болатын. Фотода Қазақстанның болашақ Президентінің дипломаттар арасындағы турнирге қатысып жатқан сәті. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлықты кәсіпқой боксшы, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы сыйлаған сәт.

Тоқаев пен Ердоған үстел теннисін ойнады

2023 жылы 10 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда ресми сапармен барған болатын. Сейсенбі күні кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді, 15 құжатқа қол қойды. Келіссөздерден кейін президенттер үстел теннисін ойнады.

Салауатты өмір салты

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазы иттерімен түскен суреті желіде тараған болатын.

Президенттің 3 тазысы бар, оның бірі – Наурыз. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды, - деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. 

Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.

Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды. Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады, - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Тоқаев жаяу серуендеуді ұнатады. Сонымен қатар ол футбол ойындарын үлкен қызығушылықпен тамашалайды. Суретте: Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуро-2020 іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан – Ресей арасындағы ойында.Мемлекет басшысы туған күнін әдеттегі жұмыс режимінде өткізеді, жалпы ол өте сирек демалады. Ақорданың баспасөз қызметі бұған дейін хабарлағандай, Қазақстанда президенттің мерейтойына орай іс-шаралар болмайды. Дегенмен Қазақстан көшбасшысы қысқа еңбек демалысын алса да, оны туған жерінде, өз елінде өткізуді жөн көретіні белгілі. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқтырма су қоймасында, архивтегі сурет.