18.05.2025, 02:30

Жерде магниттік дауыл басталды

Фото: Pixabay

«Фобос» ауа райы орталығының жетекші маманы Михаил Леустың айтуынша, бұл жағдайға күн бетінде орналасқан корональдық тесіктерден шығатын күн желі себеп.

2025 жылғы 17 мамырға қараған түні Жер бетінде орта деңгейдегі магниттік дауыл басталды. Бұл құбылыс шамамен үш күнге созылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Фобос» ауа райы орталығының жетекші маманы Михаил Леустың айтуынша, бұл жағдайға күн бетінде орналасқан корональдық тесіктерден шығатын күн желі себеп.

Күн желінің әсерінен ғарыш кеңістігіндегі магнит өрісінің құрамдас бөліктері өзгеріске ұшырап, Астана уақыты бойынша түнгі 02:00-ден кейін Жердің магнитосферасында әлсіз ауытқулар байқалды. Ал Астана уақытымен таңғы 05:00-ден кейін бұл ауытқулар күшейіп, G2 деңгейіндегі орташа магниттік дауыл тіркелді, – деп түсіндірді маман.

Синоптиктің айтуынша, Жер 19 мамырды қоса алғанда, тығыз әрі жылдам күн желінің ағынында болады. Сол себепті 17 мамырда және алдағы екі тәулікте планетаның магнит өрісі тұрақсыз күйде сақталады. Бұл үдеріс негізінен әлсіз деңгейдегі магниттік дауылдармен қатар жүреді.