$ 510.78  576.06  6.35

Петропавлда адамның бас сүйектері табылды

Сүйектердің ашық жерге шығып, шашылып жатуы - тарихи және адами тұрғыдан алғанда дұрыс емес.

Фото: Төлеген Иманов
Фото: Төлеген Иманов

Бұл туралы қоғам белсендісі Төлеген Иманов әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Петропавл қаласындағы Заречный кентінде қазба жұмыстары жүргізілген аумақтан адамның бас сүйектері мен сүйек фрагменттері табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Археолог-ғалым Анатолий Плешаковтың айтуынша, бұл аумақта бұрын зират болған. Оның мәліметінше, 1960 жылдарға дейін мұнда қайтыс болған сотталғандар жерленген. Сондай-ақ 1930 жылдары бұл жерде барактар орналасып, репрессияға ұшырағандар да осы маңға жерленген.

- Сүйектердің ашық жерге шығып, шашылып жатуы - тарихи және адами тұрғыдан алғанда дұрыс емес, — деді Плешаков.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, адам сүйектерінің табылғаны жөнінде хабар түскен бойда оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген.

- Табылған сүйек фрагменттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сараптама нәтижесіне сай заңға сәйкес шешім қабылданады, - делінген ведомство жауабында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары