$ 510.78  576.06  6.35

Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Синоптиктер 20 мамырда Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

20 мамырда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда да найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні -  15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

20-21 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде, шөлейтті және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс), облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі (4 класс) сақталады. Шымкентте 20-21 мамырда төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15 м/с.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

20-22 мамырда Алматы облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта да 20-22 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары