Қауіпті ойыннан бала өле жаздады.
Ақтауда бір-бірін талдырып ойнайтын қауіпті ойынның кесірінен мектеп оқушысы ми жарақатын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 18 мамыр кешке 32В шағын ауданындағы балалар ойын алаңында болған. Қауіпті ойыннан бала өле жаздады.
12 жасар бала есін жоғалтып, құлап, басын жерге соқты, содан кейін құрысулар пайда болды. Жанындағылар мектеп оқушысын есін жиғызбақ болған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем шақыртудан жарты сағат өткен соң ғана келген. Зардап шегуші шұғыл түрде Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді.
Жедел жәрдем 2012 жылы туған жасөспірімді жатқызғанын растады. Ол "Жабық ми жарақаты, ми шайқалуы" диагнозымен травматология бөліміне жатқызылды.
Науқастың жағдайы тұрақты, хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.