Кеше ғана Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің құрбысы Президенттен көмек сұраған еді.
Десе де, марқұм, Қазақстан ішкі істер органдарының ардагері Ақмарал Мұқанова мен оның ұлы сақтандырылған болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Nomad Insurance сақтандыру компаниясы туристік оператордан қайғылы оқиға туралы ақпаратты естіген соң жедел мүрдені елге жеткізу шығындарына қаражатты аударған. Құзыретті органдардың шешіміне сай марқұмның денесі Шарм-эш-Шейхтан не Каирден жеткізу жоспарланған.
Айта кетейік, Египеттің Шарм-эш-Шейх әуежайында болған оқыс оқиғадан бір ел тұрғынының қайтыс болды.
Кейіннен қаза тапқан қазақстандықтың кім екені анықталды.