20.05.2025, 19:20

2025 жылы қай бағытқа грант көп бөлінбек

Фото: Pixabay

Вице-министр Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жоспарына байланысты ядролық физика саласындағы кадрларды дайындау жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

2025 жылы қай мамандықтарға мемлекеттік грант көп бөлінетіні белгілі болды. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловтың айтуынша, биыл техникалық бағыттағы оқу орындарына басымдық беріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Техникалық мамандықтарға деген сұраныс артқандықтан, осы салаға бөлінетін грант саны едәуір көбейеді», – деді ол Үкімет сағатынан кейінгі брифингте.

Вице-министр Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жоспарына байланысты ядролық физика саласындағы кадрларды дайындау жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

«АЭС салуға қатысты қажетті мамандар санын нақтылап, сол бойынша гранттар қарастырылады. Университеттердің әлеуеті, оқу бағдарламалары ескеріліп, тиісті шешім қабылданады», – деді ол.

Министрлік өкілі АЭС жобасы үшін бөлек университет ашылмайтынын, алайда еліміздегі 122 жоғары оқу орнының ішінде техникалық бағытта білім беретін және ядролық физика бойынша мамандарды дайындай алатын ЖОО-лар бар екенін атап өтті.

«Әр университеттің білім беру сапасы мен инфрақұрылымына қарай шешім қабылданады», – деді Ешенқұлов. Құжат қабылдау уақыты

2025 оқу жылына мемлекеттік грантқа құжат тапсыру мерзімі: • 13–20 шілде аралығы – талапкерлерден өтініш қабылдау; • 10 тамызға дейін – грант иегерлерінің тізімі жарияланады.17:44